Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 42 газет

10 маусым 2025 ж.

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Вице-министр балаларға арналған SIM-карта ұсынды

Вице-министр балаларға арналған SIM-карта ұсынды

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Мәжіліс алаңында оқушылар арасындағы буллинг мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz

Вице-министр балаларға арналған SIM-карта ұсынды.

«Біз балаларға арналған SIM-карта ұсынып отырмыз. Балаларға арналған жеке SIM-карта керек. Ол ата-аналардың бақылауында болады. Бала сол SIM-карта арқылы интернетке қосылса, міндетті түрде ата-аналардың рұқсаты сұралады. Біз осындай жүйені енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл баланың интернетте қандай сайтқа кіргенін, қандай әлеуметтік желіде отырғанын бақылауға мүмкіндік береді. Тағы бір мәселе, ол карта арқылы баланың интернетке кіретін уақытын шектей аламыз. Кейде бала түн ортасында интернетте отыратын жайттар болады. Экранның жанып тұратын уақытын да шектеуге болады. Міне біз осыны ұсынғымыз келеді. Мұның техникалық жағы бар. Біз Оқу-ағарту министрлігі ретінде осыны ұсынамыз», деді Еділ Оспан.
21 сәуір 2023 ж. 209 0