Сыр елінде оқушылар мектепке жаңа автобустармен қатынайтын болады
“Қаламызға мектеп оқушыларын тасымалдайтын жаңа автобустар келіп жатыр екен”, - деген сипаттағы біршама хабарлама-сауалдар келіп түсуде.
Осы ақпаратты растай отырып, облыс әкімінің қолдауымен аймағымыздағы ауыл мектептерінің көліктері 30 жаңа автобуспен толығатынын жеткізгім келеді. Бұл балаларды мектепке және үйлеріне қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні жаңа 30 автобустың жартысы қалаға жеткізілді. Қалған автобустар алдыңғы айда толық жеткізілген соң, мектептерге пайдалануға берілетін болады.
Айта кетейін, бұл тасымалдаушы көліктер 20 және 40 орынға шақталған. Мектеп автобустарының техникалық сипаттамалары барлық талаптарға сәйкес келеді. Қауіпсіздік белдіктері, апаттық шығу жол, жылдамдық шектегіштер мен сәйкестендіру белгілері бар және автобуста бала қалған жағдайда белгі беретін жүйемен қамтылған.
Өңірлік коммуникациялар қызметі