Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Менің музам

Менің музам

Музам менің, өлең жыр мұзбалағым,
Сізге арнап мен де бүгін жыр жазамын.
Ақындыққа бет бұрып, арнау жазып
Сіз туралы деректерді қазбаладым.

Музам менің Мұқағали ақын адам,
Поэзия үшін жаратылған жарық дарам.
Сырласқанда таң атқызып, күн батырам
Мұңдарымды Музама жиі ақтарам.

Поэзиямен егіз етіп әр күнін,
Жарық қылдың надандықтың бар түнін.
Ойып тұрып орын алған тарихтан,
Мақтанышы қазақ деген халқымның.

Мұқағали өшпейді әркез санамыздан,
Қазақтың ақыны ол дара озған.
Оқығанда, өлеңдерің сырға толы
Қиялыммен көкке қарай мен де озам!


Айсана СЕРІКБАЕВА,
9 сынып оқушысы
08 сәуір 2023 ж. 394 0