Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БҮГІН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ

БҮГІН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ


Бүгін ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Дәл осы күні  біртуар ақын тірі болғанда 87 жасқа толар еді. Үздік шығармаларымен халық жүрегінен орын тапқан талант иесі дүйім қазақ елінің мақтанышы.

Мұқағали Мақатаев 1931 жылдың  9-шы ақпаныңда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Қырық бес жылдық ғұмырында артынан өшпес мұра қалдырды. Оның өлеңдерінен өмір шындығын анық байқалады.  
Мұзбалақ ақын 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортамен етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М.Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алған ақын жоғары білімімен ақындық өнерін шындайды. Аз ғана ғұмырында  «Ильич» «Армысыңдар достар»  «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» «Аққулар ұйықтағанда» «Шуағым менің» атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялады. Әдебиет және журналистика саласында табанды қызмет атқарған. Поэзияда өзіңдік қолтаңбасын қалдырған ақын бірнеше поэмалардың авторы атанған. Қазақ композиторлары оның сөзіне жазылған әндерді жарыққа шығарды. Осы уақытқа дейін мазмұнын жоғалтпаған туындылары зерттеліп, өскелең ұрпаққа дәріптелуде.
Мұқағали  Мақатаев қайтыс болғаннан кейін ҚР Жазушылар одағы Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлық тағайындаған. Сонымен қатар, ақынға  ҚР Мемлекеттік сыйлық “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жерінде мұражайы ашылды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында ақынға арналған ескерткіш бар.
Балтабай ОРДАБЕКОВ
09 ақпан 2018 ж. 1 836 2

Гость JeaOrer от 14 ақпан 2019 04:26
Online Perscription generic cialis from india Order 60 Mg Orlistat Online By Fedex Candianpharamacy

Гость JeaOrer от 5 наурыз 2019 17:27
Best Buy Generic Levitra Online Allopurinol 300 Mg Australia Amoxicillin Expiration viagra online pharmacy Ciprofloxacine France