Фейктердің жаңа толқыны: ІІІ тоқсанда не өзгерді?
2026 жылдың III тоқсанында Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жалған және манипуляциялық ақпараттың таралуына қатысты 52 жағдайды анықтап, зерделеді. Оның ішінде шілде айында 17, тамыз айында 11, қыркүйек айында – 24 жағдай тіркелді.КЕЗЕҢНІҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:
•Кейстердің басым бөлігі ойдан шығарылған оқиғаларға емес, шынайы фактілерді, рәсімдер мен контексті бұрмалауға негізделген;
•Қыркүйек айында ең жоғары көрсеткіш тіркелді – 24 жағдай, яғни тоқсандық көрсеткіштің 46,2%-ы;
•Қарулы Күштер тақырыбы ең ірі тақырыптық бағыт: 12 жағдай (23,1%);
•III тоқсандағы материалдарда нақты оқиғаларды, мұрағаттық материалдар мен ресми рәсімдерді бұрмалауға негізделген классикалық манипуляциялар басым болды;
•Тоқсан тренді: «бір элементті өзгерту жеткілікті» – орын, уақыт, ауқым, себеп, құқықтық мән немесе ілеспе түсініктеме.
III тоқсанның жетекші бағыты Қарулы Күштерге қатысты 12 (23,1%) кейс, заң, құқық қолдану және құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты 10 кейс (19,2%) болды. Сондай-ақ, әлеуметтік саясат пен білім беру 7 жағдай (13,5%), инфрақұрылым мен энергетика 6 (11,5%) салаларының да үлесі айтарлықтай. Халықаралық қатынастар, қаржы саласы және табиғи/экологиялық қауіпсіздік бағыттарының әрқайсысы бойынша 4 жағдай (7,7%). Денсаулық сақтау саласына қатысты 3 жағдай (5,8%) болды. Тұтынушылық тәуекелдер / алаяқтық және қоғамдық-саяси салаға қатысты бір-бір жағдайдан тіркелді.
2026 жылдың III тоқсанында жалған ақпараттың тақырыптық басымдықтары айтарлықтай ай сайын өзгеріп отырды.
* Шілдеде жалған ақпарат көбіне Заң мен Тәртіп, әлеуметтік саясат және білім беру, инфрақұрылым мен энергетика, халықаралық қатынастар салаларына қатысты болды (әрқайсысы 17,6%-дан).
* Тамызда Заң мен Тәртіп және денсаулық сақтау (әрқайсысы 18,2%), әлеуметтік саясат және білім беру, қаржы саласы, экологиялық қауіпсіздік және тұтынушылық тәуекелдер (әрқайсысы 9,1%) бойынша ақпараттық арандатулар басым болды.
* Қыркүйекте Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға төңірегінде ақпараттық манипуляциялар салдарынан жалған ақпараттың құрылымы елеулі өзгерді. Қыркүйекте тіркелген кейстердің жартысы (12-сі немесе 50,0%) Қарулы Күштерге қатысты болды. Заң мен тәртіп үлесі 20,8%, әлеуметтік саясат пен білім беру 12,5%, табиғи және экологиялық қауіпсіздік 8,3%, халықаралық қатынастар мен қаржы саласы 4,2%-ды құрады.
Статистикалық салыстыру үшін 52 кейстің әрқайсысына айлық шолудағы бұрмалаудың негізгі тәсілін айқындайтын бір басым тәсіл берілді:
* Расталмаған дерек / эмоциялық күшейту – 14 кейс (26,9%);
* Контексті / фактілерді бұрмалау – 12 кейс (23,1%);
* Нормалар мен рәсімдерді бұрмалау – 11 кейс (21,2%);
* Жалған геопозиция / мұрағаттық контентті пайдалану – 7 кейс (13,5%);
* Беделді тұлғаның / есімін / брендті пайдалану – 6 кейс (11,5%);
* Визуалды контентті ЖИ арқылы генерациялау – 2 кейс (3,8%).
Негізгі үрдіс: ең көп таралған тәсіл расталмаған деректерді қосу және ақпаратты эмоциялық тұрғыдан күшейту. Бұл барлық тіркелген жағдайлардың төрттен бірінен астамын (26,9%) құрады.










