Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада қыз-келіншектер арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан сайыс өтті

Қызылордада қыз-келіншектер арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан сайыс өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық «Нұр» мешітінің «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен қыз-келіншектер арасында Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша сайыс өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Рамазан айының құрметіне өткен жарысқа «Нұр» мешітінің «Әйел -қыздар» бөліміне қарасты діни сауат ашу курсында білім алушы 25 шәкірт қатысты.

Үміткерлер Құранның қысқа сүрелерін жатқа оқу номинациясы бойынша додаға түсті.

Қазылар алқасының бағалауы бойынша 6 қатысушы үздік деп танылып, нәтижесінде І орынды Аружан Бекмырза мен Баян Бахытқызы иеленді. Ал ІІ орын Аружан Раушанбек пен Гүлдана Әбдіраш Гүлданаға бұйырды. Сондай-ақ ІІІ орынды Ханшайым Пазылбек пен Айша Жақсылыққызы өз қанжығаларына байлады. 

Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталса, қалған қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары табысталды. 

Айта кетейік, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен облыстағы мешіттердің әйел шәкірттері күнделікті Құран хатым дұғасын жасауда.
05 сәуір 2023 ж. 270 0