Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қызылордалық қыз-келіншектер құран жаттап жарысты

Қызылордалық қыз-келіншектер құран жаттап жарысты


Қасиетті айда ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің әйел шәкірттері Құран Кәрім сүрелерін жатқа оқудан сынға түсті.
80-ді алқымдаған қария анамыздан бастап 6 жасар балақайға дейін үміткерлер қатысқан сайыс екі номинация бойынша өткізілді.
Алдымен Құранның «Фил мен Нас сүрелері» аралығындағы сүрелерді жатқа оқудан сынға түсіп оза шыққан сайыскерлер:
І орын – Байтөре Жаннұр (10 000 тг);
ІІ орын – Жасағанбергенова Әсем (7 000 тг);
ІІІ орын – Әби Салтанат (5 000 тг) иеленсе,
«Духа мен Нас сүрелерін жатқа оқу» номинациясы бойынша:
І орын – Қуандық Ақерке (20 000 тг);
ІІ орын – Байназар Перизат (15 000 тг);
ІІІ орын – Төлепберген Гүлайым (10 000 тг) бәйге жүлделерін қанжығаларына байлады.
Жүлдегерлер қаржылай сыйақылармен марапатталса, өзге қатысушыларға өкілдік тарапынан алғыс хаттар табысталды.
syrboyi.kz
11 маусым 2018 ж. 1 123 0