Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мүлік иелері бірлестігі туралы не білеміз?

Мүлік иелері бірлестігі туралы не білеміз?

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңмен (бұдан әрі - Заң) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 42-бабына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес кондоминиум иелері мүлік иелері бірлестігінің немесе көппәтерлі үйдің жай серіктестігінің кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысанын таңдауға міндеттелді.

Бұл ретте аумақтық әділет органдары «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдармен өкілдіктерді есептіктіркеу туралы» Заңның 4-бабына сәйкес мүлік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.

Заңның 2-бабының 5-тармағына сәйкес тіркелген және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қызметін жүзеге асыратын үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің тұтыну кооперативтері, тұтыну кооперативтері көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі қызметті 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асуы қажет еді.

Алайда, 30.06.2022 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекетік басқару, мемлекеттік шекара, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен өзгерістер енгізілуіне орай, тұтыну кооперативтері көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі қызметті 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алады.

Аталған заңның 6-бабына сәйкес «Тұрғын үй инспекциясы осы баптың 5-тармағында белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерін, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтерін, тұтыну кооперативтерін мәжбүрлеп тарату туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы» – делінген.

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтері 2023 жылғы 1 шілдеге дейін көп пәтерлі тұрғын үйді салуға, күтіп-ұстауға және пайдалануға байланысты барлық қолда бар құжаттарды қабылдау-беру актісі бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдің Кеңесіне беруге, қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін Қазақстан   Республикасының   заңнамасында   айқындалған тәртіппен таратуды жүргізуге міндетті.

Н.Асанова,
Қармақшы ауданаралық әділет басқармасының басшысы,
Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі
10 наурыз 2023 ж. 279 0