Келешекке қадам жасалған күн
19 наурыз ҚР Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Мен де науқаннан тыс қалмай өз таңдауымды жасадым.
Бұл сайлауда да сырдариялық жұртшылық белсенділік танытып, дауыс беріп жатқан адамдардың қарасы көптігі қуантты. Нәтижесінде, ауданда сайлауға қатысушылардың саны 86,01 пайызды құрап, облыс бойынша алдыңғы үштіктен көрінді.
Бұл әрине біздің ел азаматтарының әр қайсысының азаматтық позициясы қалыптасқан, саналы тұлға екендігін аңғартады. Себебі, біздің еліміздегідей азаматтардың жаппай сайлауға баруы өзге елдерде кездесе бермейді. Елдің сенімі ақталып сайлау толықтай әділ өтті деген сенімдемін.
Марат ЕСПЕНБЕТОВ,
аудандық қоғамдық кеңес төрағасы
аудандық қоғамдық кеңес төрағасы