Сайлауға бір кісідей атсалысайық
Құрметті сайлаушылар! ҚР азаматы ретінде әрбіріміз сайлауға қатысып, ел болашағына тікелей ықпалы бар іс-шараға белсене қатысқанымыз еліміздің игілігі үшін жасалар іске қолдау болары сөзсіз. Елімізде 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өткелі отыр. Ұсынылып отырған 107 депутаттың 98 депутатын сайлау еліміздің азаматтарының құзіретіне берілген. Бұл қара қылды қақ жарып, елдің игілігі үшін адал еңбек ететін азаматтарды таңдау біздің қолымызда екендігін айқындап тұр. Бес жылда бір өткізілетін сайлаудан қапы қалмай, тұлға ретінде өз ойымызды ортаға салу – біздің азаматтық борышымыз. Ел игілігі үшін жаңа жобалар мен жоспар құрылып, сайлауалды бағдарламалар жасалды. Бұл мемлекетіміздің ел болашағына немқұрайлы қарамайтындығының айғағы. Сол себепті халқымыз үшін мәні мен маңызы зор бұл оқиға жаңа белестерді бағындырудағы көпір іспетті. Сондықтан барлығымыз бірауыздан атсалысып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ел болашағы үшін қызмет ететін партияны таңдасақ, еліміздің дамуына серпіліс болары анық.
Алма БАҚТИЯРОВА,
Сырдария ауданының Құрметті азаматы