Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам құқығын қорғау – басты назарда

Адам құқығын қорғау – басты назарда

Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабына сәйкес, адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны, ешкімді азаптауға, оған зор­лық-зом­былық жасауға, бас­қадай қатыгездік немесе адам­дық қадір-қасиетін қорлай­тындай жәбір көрсетуге не жазалауға тыйым салынатыны айқындалған.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміз азап­­тауларға нөлдік төзімділік қағи­датын ұстынатындығын атап көр­сетіп, адам­ның қадір-қасиеті­не нұқсан келтіретін әрекет­терді бол­дырмау бағытында кешенді шара­лар қолдануды тапсырған.

Дегенмен азаптаулар адам­ның конститу­циялық құқық­та­рының елеулі бұзылуына әкеп соқтыратын әрекет ретінде танылса, олардың алдын алу жә­не болдырмау құқық қорғау орган­дарының басты міндеті болып табылады.

Сырдария ауданы прокурату­расымен үйлес­тіруші орган ре­тінде бұл бағытта кешенді жұ­мыстар атқарылып, азаптау­лар­­­ды болдырмау бағытында Сыр­дария аудандық полиция бө­лі­­мін­дегі бей­небақылау жүйесі ұда­йы тек­серілуде.

Сонымен қатар полиция бө­лімі ғимаратта­рында тексеру жүр­­гізіліп, нәтижесімен бейнеба­қы­лаумен қамтылмаған «соқыр ай­мақтарды» жою жөніндегі ұсы­ныстар жолданған.

Өз кезегінде адамдардың консти­туциялық құқықтары мен бостандықтарының тиімді қорға­луын қамтамасыз ету мақсатында кезекші прокурордың сенім телефоны құрылып (+7 775 405 5510, +7 708 060 0001) тәулік бойы қоңыраулар қабылдануда.

Сіздің құқықтарыңызды қор­ғау қалалық прокуратураның бас­ты жұмыс бағыты екендігін еске­ріп, туындаған мәселелер бойынша кез келген уақытта кезекші проку­рордың сенім телефонына хабарласуға шақырамыз! 
      
Сырдария ауданының прокуратурасы
04 наурыз 2023 ж. 207 0