Кадрларды іріктеудің жаңа тәртібінің тиімділігі мол
Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған Жолдауында құқық қорғау органдары қызметкерлерін қызметке қабылдауға қатысты талаптарды қайта қарау қажетін айтқан болатын. Міне, осы тапсырма негізінде құқық қорғау органдарына қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі жарияланды.
Бас прокуратура құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кадрларды даярлау мен іріктеудің бірыңғай тәсілін әзірледі. Бұрын бұл органдардың әрқайсында конкурс өткізу, резервке қабылдау, кандидаттарды іріктеу, қызметке қабылдау, кадрларды орналастыруда өзіндік тәртібі болатын. Осы уақытқа дейін әрбір орган өзінше жеке шешім шығарып келген болса, енді бірыңғай тәсілге көшпек.
Сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» заңның 11-бабына өзгеріс енгізіліп, соған сәйкес, енді құқық қорғау қызметіне кірудің басты шарты ретінде бастапқы кәсіптік даярлықтан өту міндетті болады. Сондай-ақ ашықтық пен жариялылыққа басымдық берілмек.
Жалпы, елдің әр аймағында құқық қорғау органдары мамандарын даярлайтын арнайы оқу орындары бар. Мемлекеттік басқару академиясы, Сот академиясы, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігінің оқу орындары жұмыс істейді. Қазіргі таңда бізде заң саласы жалпылама оқытылады. Ал бітірген жас маман ертең қызметке барған кезде қарапайым мәселелерді білмей жатуының бір себебі де осында. Енді жұмыс нәтижесін көтеру үшін тәжірибеге көбірек мән берілмек. Яғни, бұл жерде басты шарт – білім алушыны арнайы болашақта қызмет ететін органға бағыттау және білімді маманды қызметке алу.
«Халыққа жақын полиция» жобасында көп мәселе айтылған. Оның бәрі құқық қорғау саласын дамытуға бағытталған. Әрине, кадрлардың біліктілігі өте маңызды. Сондықтан елге адал қызмет етуді, құқық қорғау саласында жұмыс істеуді армандайтын әрбір азамат студент, тіпті оқушысы кезінен бастап дайындалуы керек.

Артур НҰРЖАНОВ,
Сырдария аудандық полиция бөлімі
бастығының кадр саясаты
жөніндегі орынбасары