Орталықтандырылған ауыз су
Су – тіршілік нәрі, сусыз біздің күніміз жоқ, соның ішінде ауыз су. Орталықтандырылған ауыз су-органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді, осыған байланысты ауыз суға санитарлық эпидемиологиялық талаптар қойылады.
Орталықтандырылған ауыз су бірінші және жоғары санатты болады. Бірінші санатты су краннан алынатын қарапайым тазартылған су, сондай-ақ өндірілген жер үсті сулары. Жоғары санатты су оны ластанудан неғұрлым қорғалған жер асты су көздерінен алады. Мұндай су да қауіпсіз болуы тиіс. Олардың негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек, түсі 200-ден төмен, мөлдірлігі 30-артық, лайлығы 2 мг/л ден аз, кермектілігі 7-100 ммоль болу керек. Орталықтандырылған ауыз судың кермектілігін анықтайтын кальций, магний тұздары аз болса, адам сүйегінің марттылығы өсіп кетеді, фтордың ауыз судағы мөлшері 0,7-1,5 мг/л-ден төмен болуы флюроз кариес, темірдің, мыстың жетіспеуі анемияға, бордың аз болуы асқазан, никельдің кем болуы көз ауруларына шалдықтырады. Орталықтандырылған ауыз суға сондай-ақ нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1 л судағы ішек таяқшаларының саны (коли-индекс) бойынша талаптар қойылады.
Қоғамдық өндірістің жедел дамуы, халық санының тез өсуі, қоғамның тұрмыс жағдайының жақсаруы, халықтың, мәдени деңгейінің өсуі, осының бәрі судың қажеттілігің өсіреді және қолданылатын су экологиялық жағынан қауіпсіз болуы керек. Ішетін су барлық санитарлық тазалық сақтау талабына сай болған жағдайда ғана қызметін орындай алады. Тазалығы жағынан су мөлдір, иісі, дәмі жоқ болып, ең бастысы, құрамында ағза үшін зиянды химиялық заттар және ауру туғызатын микробтар болмауы тиіс. Орталықтандырылған ауыз су сапасының көрсеткіштерін санитарлық талап бойынша ұстаудың бірден бір себебі ол, су жүйесінің санитарлық-техникалық жағдайын жақсарту, суды тазарту, залалсыздандыру және өндеудің арнайы әдістерін қолдану, кездескен ақауларды дер кезінде жою болып табылады.
Су тіршілік көзі, сусыз күніміз жоқ. Су керемет, сирек кездесетін минерал. Суың да сұрауы бар дегендей сапалы талапқа сай ауыз судың қасиетін біліп, қастерлеуді ұмытпайық ағайын!
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы