Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жанар Нұрсұлтанова жаңа қызметке тағайындалды

Жанар Нұрсұлтанова жаңа қызметке тағайындалды

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 2022 жылдың қаңтар айының 05 жұлдызындағы №2-ж бұйрығы бойынша Нурсултанова Жанар Айдосовна Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары (С-R-2) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына 2022 жылдың 12- ші қаңтар айынан бастап тағайындалды.

Нурсултанова Жанар Айдосовна 1983 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.

2000-2006 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясының медико-профилактикалық іс факультетінің дәрігер гигиенист – эпидемиолог мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2006-2007 жылдар аралығында Қызылорда қалалық перзентханасында дәрігер – эпидемиолог болып бастаған.

2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Сырдария аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасында бас маман және бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

12 қаңтар 2022 ж. 618 0