Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Бар жақсылық – балаларға

Бар жақсылық – балаларға

Қоғамда түрлі сынақты бастан өткеріп жатқан жандар бар. Ерекше оқытуды қажет ететін ерекше балалар да аз емес. Ондай жандарға қоғам болып қолдау көрсету, қол ұшын созу – адамгершілік міндет. Адамзаттың адамшылығы сыналатын кезі де сол.

Осы орайда, Ақжарма ауылдық кітапханасы игілікті іске мұрындық болды. Ауыл тұрғыны Ақбота Ға­лым­жанқызымен арнайы кездесу ұйым­дастырып, кішкентай бүлдіршін­ге­ кө­теріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шара «Балалар бақытты болу үшін жа­ралған» тақырыбын арқау етті. Кез­десу кешіне Ақботаның анасы Жамал және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Кітапханашы Ақмарал Айқын­баева кішкентай оқырманды ерте­­­гі кітаптармен қатар буындап оқуға арналған кітаптармен таныстырды. Ақботаға елдің ертеңі бүгінгі кіш­кен­тай бүлдіршіндер екенін айтып, қанат бітірді. Сондай-ақ оқуға ынтасы зор сүйкімді балғынға арнайы кітапшаны сыйға тартты.

– Тағдыр болған соң адамның маңдайына не жазылып тұрғаны Аллаға аян. Ақботамнан көп үміт кү­темін. Балапанымның болашағы жарқын болсын деп аналық ақ тіле­гімді арнаймын. Бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып, қызымның көңілі бө­лініп, сергуіне себеп болған, кітап оқуға ынталандырған кітапханашы апайларына алғысым шексіз, – дейді Ақботаның анасы.

«ТТ» ақпарат
24 қаңтар 2023 ж. 264 0