Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ерекше өткен ертеңгілік

Ерекше өткен ертеңгілік

Тереңөзек кентіндегі «Айгөлек» бөбекжай балабақшасының тәрбиеле­ну­шілері Жаңа жылды жарқын көңілмен қарсы алды. Мектепке дейінгі білім беретін мекемеде топтар бойынша Жаңа жылдық іс-шаралар, ертеңгіліктер өткізіліп, бүлдіршіндер қуанышқа кенелді.

Балабақшаның кіші «Балапан» тобында «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілік өтті. Іс-шараны топ тәрбиешісі Күлзихан Сәтбай ұйым­дастырып, балалар өздерінің өнерлерін көрсетті. Ертеңгілікке «Айгөлек» бөбекжай ба­ла­бақшасының меңгерушісі Күлжамал Жолдасова қатысып, кіші топ бүлдіршіндерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балғындарға жар­қын болашақ тіледі.

Көңілді ертеңгілікте түрлі кейіпкерлер ба­ла­­ларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Әуен ыр­ғағымен ортаға келген сиқыршы шыршаның түрлі ойыншықтармен безендірілгенін атап, оны жағуға Аяз ата мен Ақшақардың керектігін айт­ты. Бүлдіршіндер ортаға Аяз ата мен Ақша­қарды шақырып, шырша шамы жағылды. Осы мезетте топ тәрбиеленушілері Нұрәлі, Айғаным, Нұржұма мерекелік тақпақтарын оқыды. Сон­дай-ақ балғындар «Жаңа жыл» әнін хормен шырқады.

Топ тәрбиешісі Күлзихан Сәтбай Жаңа жыл­дың мән-маңызын бүлдіршіндерге түсін­діріп, жаңа жылға ену арқылы жаңа бастамалар жү­зеге асырылатынын жеткізді. Ертеңгілік барысында көңілді әндер шырқалып, би биленді. Балалар қуанышқа кенеліп, Жаңа жылдық сый­лықтар алды.
«ТТ» ақпарат
05 қаңтар 2023 ж. 355 0