Қабыл болсын, ақ батам!
Жаңа жылда тілейміз,
Халқымызға молшылық.
Жеріміз биыл көркейіп,
Болмаса екен таршылық.
Бақыт қонып еліме,
Жауын жауып жеріме,
Аулақ болсын жамандық.
Бәле-жала алыстап,
Қауіп-қатер қалыс қап,
Ескі жылымыз есіркеп,
Жаңа жылымыз жарылқап,
Құт-береке дарысын,
Дархан пейіл еліміз
Дами берсін қарыштап.
Тек бірлікті жақтаған,
Әлем түгел мақтаған.
Аман болсын халқымыз,
Салт-дәстүрді сақтаған.
Ынтымақ пен ырысты,
Ақ тілектен бақ табам.
Жарылқап Жаппар Иеміз,
Қабыл болсын, ақ батам!
Әлем түгел мақтаған.
Аман болсын халқымыз,
Салт-дәстүрді сақтаған.
Ынтымақ пен ырысты,
Ақ тілектен бақ табам.
Жарылқап Жаппар Иеміз,
Қабыл болсын, ақ батам!
Яхия Тасыров,
Ұлы Отан соғысының ардагері,
«Сырдария ауданының Құрметті азаматы»