Жемқорлықпен күрес күн тәртібінен түспейді
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап айтты. Осыған байланысты, Сырдария ауданы әкімдігімен, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылып, бекітілген жоспарға сәйкес комиссия отырыстары әр тоқсан сайын өткізілді.
Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітіп, әр тоқсан сайын өз жұмысын тұрақты түрде жүргізіп келеді. 2022 жылдың 4-тоқсандағы комиссия отырысында 8 мәселе қаралып, олар бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдарға 40 ұсыныс-тапсырма орындау үшін жолданды.
Жоғарыда айтып өткен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық» бағдарламаның күші жойылып, «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілді.
Аталған тұжырымдаманың тармақтарына және облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы хаттамасының тапсырмалары бойынша жұмыстар жүргізіліп, тиісті мәліметтер уақытылы облыс әкімі аппаратына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментіне жолданды.
Аудан әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу шараларын күшейту бағытында әкімдікке қарасты жергілікті атқарушы органдар бойынша мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек ұдайы көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Есепті мерзімде, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 1 дөңгелек үстел және 3 семинар-кеңес өткізілді.
Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында заңнамаларының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет департаментімен бірлесіп 5 құқықтық оқыту семинары өткізіліп, 15 мемлекеттік қызметшіге және 5 азаматқа жеке консультативтік көмек көрсетілді. Түсіндірме жұмыстары мемлекеттік қызмет саласына енгізілген өзгерістерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-қимыл әрекеттерін және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын қолдану тәжірибесіне талдау нәтижелерін қамтыған.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінде мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамалары талаптарын түсіндіру мақсатында, мемлекеттік қызметшілерге арналған құқықтық оқытулар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» жобасы бойынша 2022 жылғы әлеуметтік жобаның жеңімпазы «Сырдария - Нұрдария» қоғамдық қоры болып табылады.
Келісімшарт бойынша ұтып алған соммасы 714 285 теңгені құрайды. Есепті кезеңде қоғамдық қормен 12 кездесу, 2 акция, 10 қоғамдық қабылдау, 1 байқау, 4 мақала, 1 сауалнама өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мен алдын алу бағытына бөлінген қаражат сомасы толығымен игерілді. 2023 жылға «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» жобасына шамамен 1450,0 мың теңге қарастырылуда.
Сонымен қатар, аудан аумағында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында барлық ауданға қарасты әр ауылда (барлығы 13 ауыл) тақырыптық 1 билбордтан (13 дана), аудан орталығында 2 билборд және барлық аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсетілетін мекемелерге «1424» сенім телефоны, «Адалдық алаңы» жобасының «Пайда ойлама, ар ойла», «Пара алма, пара берме», «Жемқорлыққа жол берме», «Сыбайлас жемқорлық туралы білдің бе?», «Бір пара екі қылмыскер» және «Сыбайлас жемқорлық, тоқта...камера!!!» атты ақпараттық материалдары орнатылды және аудан әкімдігінің, ішкі саясат бөлімінің «Фейсбук» әлеуметтік желілеріне бейнероликтер жарияланды.
Бұдан бөлек, «Дала дидары» халықтық мәдени үгіт бригадасының ұйымдастырумен «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын!» атты бейнеролик, жергілікті атқарушы органдардың мамандары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кент және ауылдық округтерде халық көп шоғырланған жерлерде тұрғындарға ақпараттық материалдар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде арнайы тақырыптық айдар ашылып, жемқорлықтың алдын алу тақырыптарында мақалалар жарияланды.
2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Қазіргі уақытта облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметін арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жүйесін енгізу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес тиісті шаралар кезең-кезенімен атқарылуда.
Жалпы, 2021 жылы 2022 жылдың өткен кезеңімен аудан көлемінде сыбайлас жемқорлық көріністері орын алған жоқ.
Жоғарыда баяндалғандарды қорыта келе, Сырдария ауданы әкімдігінің басым бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күрес, оның алдын алу және болдырмау мақсатында қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес қажетті шаралар қабылданып келеді. Қоғам дертімен күреске байланысты профилактикалық іс-шаралар мен олардың орындалуы аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.
Е.Зұлқарнаев,
аудан әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық жұмыстар
бөлімінің басшысы