Тарихы бай киелі білім ордасы
С.Сейфуллин ауылындағы №137 мектебінің тарихы 1930 жылдан бастау алады. Алғаш рет «1 Май» мектебі Қараөзек бойында Қаратөбе деген жерде Жөлекен мешітінде ашылып, бастауыш мектепте Әбдірахманов Ыбырай атты ұстаз шәкірттерге дәріс берген.
1932 жылы Байсары жерінде жаңадан «Ақ школ» деген мектеп үйі салынған («Ақ школ» деп аталу себебі, мектеп үйінің алғаш рет әктелгендігінен). Сол жылдың қысында балалар сабақ оқуды бастағанмен, елде жаппай ашаршылық орын алуына орай ұзамай жабылып қалған.
1933-1934 оқу жылында ел ағалары Құндызды серіктестігінің балаларының басын қайта қосып, Досым деген кісінің екі бөлмелі үйінде төрт сынып бірігіп дәріс алған. Мұғалімі – Орынбаев Орынбай. Балаларға мектепте күніге бір мезгіл тарыдан жасалған тамақ берілген. Парта болмаған соң, балалар жерде отырып оқыған.
1934-1935 жылдары «1 Май» серіктестігі Есқұлы ағашының түбінен серіктестік қоймасына жапсырып, екі бөлмелі мектеп үйін салған. Сейтпенбетов Махантай ұстаздық қылған мектепте төрт сынып параллель екі ауысымда білім алса, сол жылы «Құндызды» серіктестігі де Бисары түбінен «1 Май» каналының бергі бетіндегі төбенің басынан екі бөлмелі мектеп, бір бөлмелі клуб үйін салынды. Ділдебаев Қалабай ұстаздық қылған мектептетөрт сынып екі ауысымда оқып, онда Қойсықов Жұмағұл деген кісі әйелі Жамал екеуі отын тасып, от жағып, тазалық жұмыстарын атқарды.
1935-1936 оқу жылында бұл мектептердегі білім алатын балалар саны артқан. Сол жылдары Ақбергенов Хамит, Арысбаев Ахат, Баяханов Сәрсенбай, Досжанов Медетбай, Сағындықов Ғаппар деген балалар оқу-жазуды үйренген. Осы мектепте Түркістан қаласындағы педучилищенің 2 жылдық курсын бітірген Аханов Іскендір мұғалім болған болатын. Құндызды бастауыш мектебінде үш мұғалім жұмыс істеген. Олар: Ділдебаев Қалабай, Салхадинов, Шамкенов Айтөре.
1937-1938 жылдары «1 Май» мектебі жаңадан ескі формадағы кесектен салынған 4 бөлмелі үйде орталау мектеп болып ашылып, онда толық 7 сыныпта балалар сабақ оқыған. Ол мектепке Жәлекеев Төлеп деген азамат бірінші рет директор лауазымына бекітілсе, 1942-1943 жылдары сол орталау мектепті Қодаров Әуезхан басқарды.
1949-1952 жылдары орталау мектеп қайтадан бастауыш мектеп болып, онда Қуандықов Әнес жетекшілік етті. Қазіргі С.Сейфуллин ауылында орналасқан «1 Май» мектебінің ескі мектеп ғимараты 1953-1954 жылдары колхозшылардың күшімен салынған еді. 1958-1960 жылдары бастауыш мектеп бала санының артуына байланысты қайтадан орталау мектеп болып, оған Дәрібаев Оқас директор болса, осы мектепте 1960-1963 жылдары Тұрғанбаев Смағұл, 1963-1965 жылдары Сапарбаев Шәймен, 1965-1974 жылдары Есназаров Мансұр келешек ұрпаққа өнегелі жолымен тәлімді директорлық қызмет атқарды.
«1 Май» мектебінің 1972 жылға дейін 8 сыныптық негізгі мектеп ретінде білім беріп келсе, 1974 жылдан бастап№137 «1 Май» орта мектебінің осы күндегі 460 орындық жаңа ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Жаңа мектептің мектеп директорлығына бекітілген Есенов Тәждек 1974-1992 жылдары үздіксіз басшылық жасады.
1992-1997 жылдары Бержаппаров Балтабай, 1997-2002 жылдары Есназар Серік, 2002-2009 жылдары Абилова Гүлбар, 2009-2013 жылдары Төлегенов Мұрат абыроймен атқарса, 2013 жылдан бері мектепті Есназар Бағдат басқарып келеді.
№137 орта мектебінің аудандағы айшықты білім ордасына айналуына мектеп әкімшілігінің басшылығында ондаған жыл қызмет еткен және еңбек етіп келе жатқан Әлиев Тоқшылық, Нұрышов Жақан, Жүнісов Молот, Шаденов Бекен, Ибрагимов Қарсақбай, Мұстаяпов Оспан, Асанов Жұмабек, Ділдебаева Рыскүл, Мұстаяпова Рая, Омарова Сәуле, Нұрышов Абылай, Мамытов Ақберген,Есекеев Қайрат, Қарсақбаев Мұратбек, Картаева Шекергүлдердің еңбегі ерекше.
Бүкіл өмірін мектепке арнап, ұстаздықты өмірінің ұстынына айналдырған аяулы ұстаздар – Мәмбетов Мырқайдар, Самалықов Амангелді, Махатова Шәкәт, Қалиева Күләш, Хасенова Дүйсенкүл, Дәрібаева Дана, Бейсебаева Мүшдария, Әтірқызы Күләндә, Сәдуақасова Рабиға, Смайлова Баян, Бекжанова Пістегүл, Нұрпейісова Айжан, Тасбергенов Зұлхарнай, Мансуров Абдулла, Гүлсана, Аюпов Әлібек, Маликов Дінислам, Бакирова Бисенкүл, Қыдырбаева Айткүл, Сүлеева Гүлназ, Смайылова Жанат, Рахметов Төлеген, Ибрагимов Бақытбек,Есназарова Рахия, Нұрахатов Серікбол,Рахметов Бөлеген, Нұрсейітов Шахарбек, Ахметова Саракүл, Байтөреева Бөпеш, Молдаш Қаламқас, Мырзағалиева Тұрсынай, Ахметова Тазагүл, Смайылов Камат,Тұяқбаев Ғабит, Сейітмұратов Мейрамбек, Смайлова Гүлбаршындардың №137 орта мектеп шежіресіндегі орындары бәдізшінің оюындай бедерленген.
Әр білім ордасы түлектерімен тұғырлы. Осы жылдар аралығында егемен еліміздің өркендеуіне атсалысып келе жатқан мектебіміздің жүздеген шәкірттері Қазақстанның түпкір-түпкірінде еселі еңбек етуде.
1972 жылға дейін «1 Май» атындағы 8 жылдық негізгі мектепті бітірген Бекішов Әбу, Әбілдаев Мақсұт, Қыдырбаева Феруза, Жотаева Күләй, Әбдікәрімов Есенгелді секілді білімді жастар өмірде де сол биіктерінен түскен емес.
№137 мектебі 1975 жылдан бастап орта мектеп болғаннан кейін де ондаған үздік шәкірттерімен мақтана алады. Атап айтар болсақ: Мығымбаева Ләззәт, Төлебаев Орынбасар, Қарабалаева Айнагүл, Есназаров Алмас, Бекжанова Маржан, Қартаева Тәттігүл, Құлтайбаева Әсемкүл, Ермағанбетова Саракүл, Құлтайбаева Гүлмира, Арық Серік, Өтегенова Шолпан, Бодыбаева Қалдыгүл,Фазылова Жаңагүл, Арықов Берікбол, Әбдіров Ерлан, Бержаппарова Қаламқас, Баймұратов Сабыр, Есекеева Айнаш, Қалыбаева Майра, Мансурова Ақтоты, Өтегенова Үміткүл, Бақтыбаева Гүлімай, Мырзашова Дана, Ибрагимов Бауыржан, Тасбергенова Сымбат, Бақтыбаев Даниал, Самалықов Алмас, Әбдікәрімов Нұрхан, Құлекеева Ақгүл, Мамытов Нұрлан, Дүкенбаев Талғат, Арунов Ербол, Бәйкенов Сәкен, Әбдікәрімов Дархан,Қыдырбаев Бекзат, Зейнуллаев Еркебұлан, Әбдірова Тюлпан, Мансұр Нұрмат, Есназаров Олжас, Ержанова Фариза, Айдарова Айжан, Ижазова Алтынай, Ержанова Гүлфайруз, Жомартұлы Еркін, Бақытбекұлы Дәуіржан, Сайлауұлы Ербол, Кеңесбаев Жалғасбек.
2015 жылы сол кездегі аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың тікелей қолдауымен жергілікті бюджеттің есебінен мектеп жанына жаңадан акт залы салынып берілуі материалдық базаның нығаюымен қатар оқу-тәрбие үдерісінің де биік сатыға көтерілуінеөзіндік үлесін қосты.
2022-2023 оқу жылында №137 орта мектебінде 20 сыныпта 394 оқушы білім алды. Ұжымдағы 53 мұғалім заман үдерісіне сай жаңартылған оқу мазмұны негізінде шәкірттерге саналы тәрбие мен сапалы білім беруде аянбай еңбек етуде. Жыл сайын мектеп түлектері 100% жоғары және арнаулы оқу орындарына түсіп отыр.
Сан түлекке тұғыр болған №137 орта мектебі 2020 жылы негізі қаланғанына 90 жыл толып, аудандық деңгейде аталып өтілді. Мектеп түлектерінің демеушілігімен мектеп мұражайы ашылды. Мектеп тарихы «Сәкен ауылы – ұлағаттың ұясы» атты кітапқа енді.
Тарихы бай киелі білім ордасының ұстаздар қауымы заман үдерісіне сай қызмет етіп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде.