Жемқорлық – әлеуметтік қасірет

Сыбайлас жемқорлық бір күнде жойылатын іс емес. Ол еліміздің әр азаматы жұмыла күрескен сәтте ғана нәтижесі болатыны айқын. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, көз қыстылықтың тигізер кесірін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып, «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген.
Әрбір қоғам дамуының күнгей жағымен көлеңкелі тұсы да қатар жүреді. Елдің әлеуметтік ахуалы жақсарту, экономикалық жоғары даму деңгейіне жету, халқымыздың демократиялық өсіп-өнуін қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар қабылданып жатқан кезде дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ету қажет.
Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, тиісті шаралар өткізіліп жатқаны баршаға белгілі. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар. Ол туралы бұқаралық баспасөз бетінде, теледидар арқылы қоғам мүшелеріне жеткізіліп келеді.
Қазақстан – көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда тұрған сын кезеңдерден өту үшін қоғам болып жемқорлықпен жұмыла күрессек, сонда ғана нақты нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын.
Ә.Маханбеталиев,
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы