«Өзің түзел, сонан соң өзгені түзе»

Әлеуметтік желінің, бұқаралық ақпарат құралдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс. Осыған сәйкес ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасында тәлім-тәрбие дұрыс болғаны абзал. Тәрбие от басынан басталады. Ата-анасының шарауаны пара беру арқылы шешетінін, не пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өскен бала бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен деп түсінеді. Сондықтан әрбір отбасы осы мәселеге аса мән беруі тиіс.
Еліміздің болашағына кесірін тигізетін індетке осы бастан тоқтау қоймаса, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайтындығын ұғынуымыз керек. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі заңсыздықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, қоғам дертінің одан әрі таралмауы үшін барлық амалдарын қолдану арқылы түбегейлі қарсы тұру баршаның міндеті. Қазақтың «Өзiң түзел, сонан соң өзгенi түзе» деген нақыл сөзін баршамыз санамызға сіңірсек, болашақ ұрпақ тәрбиесіне мол септігін тигізері анық.
Қ.ЖҮСІПОВ,
Асқар Тоқмағамбетов ауылдық округі әкімі аппаратының
жетекші маманы