Мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру
Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлықпен күрес. Оның алдын алу немесе жолын кесу қазіргі таңдағы мемлекеттік органдардың қызметіндегі басты басымдыққа айналды десек болады.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтіні баршаға мәлім.
Қазақстан Республикасы жалпы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің бірі сыбайлас жемқорлық. Сондықтан, оны болдырмау және алдын-алу мақсатында алдағы уақытта ауданымызда көптеген спорттық іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.Айта кететің болсақ ағымдағы жылдың 5 шілде және 5 қазан айларында пробация есебінде тұрған азаматтары арасында спорттық сайыстар өткізілді. Шараның мақсаты – пробация есебінде тұрған азаматтар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бос уқыттарын тиімді пайдалану және қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу.
Спорт саласы бойынша сыбайласжемқорлықтың алдын алу бағытында рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті орта қалыптастыру, жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру және ертеңгі болашақ – қазіргі жастардың қолында екендігін ескере отырып, жас ұрпақты адалдыққа тәрбиелеуге бағытталған «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» айдарымен спорттық іс-шаралар жоспарға сәйкес ұйымдастырылып өткізіліп келеді. Атап айтатын болсақ «Балалар жылы» аясында индор хоккейден 2008 ж.т.жасөсіпірімдер және кіші жасөспірімдер арасындағы аудандық ашық біріншілік, футзалдан жасөспірім ұлдар арасында аудандық жарыс, асық ату мен бес асықтан аудандық біріншілік, волейболдан қыздар мен ұлдар арасында аудандық біріншіліктер өткізіліп, барлығы 242 спортшы тартылды.
Бөлім қызметкерлері арасында маусым және қараша айларында «Сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» тақырыбы аясында құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, спорт мекеме ғимаратының көрнекі және халық көп шоғырланатын жерлерге «Сыбайлас жемқорлық туралы білдің бе?», «Бір пара екі қылмыскер» және «Сыбайлас жемқорлық, тоқта...камера!!!» атты ақпараттық материалдар ілінді. Мекеме ғимаратына кіре берісінде арыз-шағым жәшігі орнатылған, ағымдағы жылдың 11 айында ешқандай арыз-шағым және өтініштер түспеді.
Бүгінгі таңда спорт саласы бойынша 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бар. Ол халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қағаз түрінде жүргізіледі.
Қызмет түрі: 2-3-разрядты спортшы, 1- 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы,жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады.Мекеме ғимаратында 1-ші қабатының 2-ші бөлмесінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог–Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жаттықтырушылар мен спортшыларға қолайлы орта қалыптастыру үшін мекемеде «Өз–өзіне қызмет көрсету» бұрышы ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес ең алдымен адами фактордың таным-түсінігіне, рухани кемелділігіне байланысты. Әрбір азамат және әрбір мемлекеттік қызметшілер қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру керек. Сол кезде сыбайлас жемқорлықтың қоғамға төнген қауіпінен құтыламыз.Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп санаймын.
Жігер АЙЕКЕШОВ,
Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы