Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі

Бүгін сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарды болдырмау және алдын алу мақсатында Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Ж.Жұманазаров мекеме қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ж.Жұманазаров күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасап, мекеме қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен жағдайда әрекет ету тәртібі, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жәрдемдескені үшін көтермеленіп, мемлекет қорғауында болатындығы, сыбайлас жемқорлық сияқты құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, қоғамның әрбір азаматының борышы екендігі түсіндірілді.
Жиынға қатысушылар жемқорлық ауыр қылмыс екенін айтып, онымен күресуге әрбір азамат міндетті деген өз ойларын білдірді. Жиын соңында мекеме қызметкерлері сауалнама толтырып, ашық пікірлерін көрсетті.
Аманкелді ауылдық округі әкімдігі