Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылдихандағы білім ордасы

Қызылдихандағы білім ордасы

Бүгінгі №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектебінің негізгі 1944 жылы қаланды. Екінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан 1944 жылғы 28 ақпанда Тереңөзек оқу бөлімінің №10 бұйрығымен «Құндызды»  ауылдық кеңесі жанынан оқу үйі негізінде ашылды. Оқу үйінің алғашқы меңгерушісі Әубәкірова болды. Ал ауылдық кеңестегі оқу үйі негізінде сол жылдың 28 тамызында «Үлгі» бастауыш мектебі құрылды. Мектеп директоры болып Жаманбаев тағайындалды.

1950 жылы 19 қыркүйете «Үлгі» колхозы «Қызылдихан» колхозына қосылды. Осыған байланысты «Үлгі» бастауыш мектебі «Қызылдихан» болып аталып, ауыл балаларын оқыту ісін жалғастырды.

Жалпы, 1953-1966 жылдары «Қызылдихан» 7 жылдық, 1966-1979 жылдары 8 жылдық мектеп болды. Ал 1979-1989 жылдары 10 жылдық мектеп болса, 1989 жылдан бері 11 жылдық мектепте ұлағатты ұстаздар оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде.

№131 орта мектепті Сарыбай Иманбеков (1955-1956), Есімке Алдамжаров (1956-1958), Нұрғали Серікбаев (195861), Оқас Дәрібаев (1961-1980), Мираш Бәйменова (1980-1985), Сражадин Балмағанбетов (1986-1990), Жұмабек Асанов (1990-1993), Әділхан Таңсықбаев (1994-1998), Темірхан Әбішев (1994-1998), Гүлнұр Божанова (1998-2004), Мұрат Төлегенов (2004-2009), Гүлнұр Божанова (2009-2013), Ләззат Палымбетова (2013-2020) басқарды. Ал 2020 жылдан бері білім шаңырағына Айнұр Әлиева директор болып тағайындалды.

Білім ордасы бүгінгі 240 орындық ғимаратқа 2005 жылы көшті.

Қасиетті қарашаңырақта өз уақыттарын аямай бала оқытып, үлкен өмірге қанат қақтырған Баршагүл Абушахманова, Күнила Баймұратова, Шакар Маханова, Сәуле Ахметова, Гүлсім Қожахметова, Бисенкүл Төлегенова,
Манат Қонысбекова, Зәуреш Ағыбаева, Айман Әбілдаева, Жұмакүл Көшербаева, Гүлсім Майханова, Жұмакүл Мұқанова, Алтын Нұртаева, Ұлжан Ахметова, СветаҚайырбергенова, Ұлбосын Ералиева, Ұмсынкүл Жәнібекова, Күлшат Қалмағанбетова, Маржан Есназарова және басқа да ардагер-ұстаздар талай шәкірттерді түлетті. Бүгінде олардың ізін Жұмакүл Нұрымова, Ақтолқын Зкиряева, Уәлихан Таңсықбаев, Рим Айтбаев, Нұрлан Ерғалиев, Ержан Жанбосынов, Жайылхан Кеукенов, Роллан Бисембаев, Нұржан Анасов, Рая Кузербаева, Марияш Төлегенова, Айгүл Нұрышева, Айшарат Тәжібаева, Айсұлу  Дүйсенғазиева, Лиза  Нұрышева, Сапура Оспанова, Ляззат Жанәлиева, Гүлжан Жекенова, Айткүл Жақанова, Эльвира Садықова, Венера Үсен, Шолпан Иманқұлова, Маржан Бекішова, Қаршыға Әкімжанова, Ханзада  Игамбердиева, Жанар Күзембаева, Баян Махашева, Ботакөз Бекішова, Жазира Оразалиева, Лена Майханова, Арайлым Жақсылықова, Әсел Әбілдаева, Айзат Оразбай, Нұрсәуле Қасымханова, Махаббат Сайымова, Ақшолпан Жақсылықова, Динара Жұмабаева, Сандуғаш Досмайлова, Айнұр Хамитова, Динара Қылышбайқызы, Гүлжайна Жапбарбекова, Ұлбосын Жақсылықова, Кәмшат Әбибуллаева және басқа да ұлағатты ұстаздар мен жас мұғалімдер жалғап келеді.
07 желтоқсан 2022 ж. 158 0