Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Шынтас ЗЕТОВ: Адамдық қасиеттен айнымаған дұрыс

«Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Шынтас ЗЕТОВ: Адамдық қасиеттен айнымаған дұрыс

Жалпы, өмірде рухани жағынан жетіле түскен адамның басым бөлігі – бақытты жанның қатарында болады. Кез келген қызметке араласа жүріп, ой-танымын байыта түскен кісінің сөзі құнды болатыны рас. Әрбір ортада өзіндік орны қалыптасқан тұлғаның қоғамға қарата айтатын пәтуалы әңгімесі бары анық. Талай жыл медицина саласында тегеурінді еңбек еткен «Сырдария ауданының Құрметті азаматы», «Қазақстан медицинасына ең­бегі сіңген дәрігер» төсбелгісінің иегері Шынтас Зетов әлі күнге кітап оқығаннан жалыққан емес. Өз кезегінде қазақ және әлемдік деңгейдегі жауһарлармен сусындап жүрген арда азаматпен «Пруст сауалнамасын» жүргізудің сәті түскен болатын.

– Адамның басты қасиеті не деп ойлайсыз?

– Өмірге адам болып келгеннен кейін, адам­дық қасиеттен айнымаған дұрыс. Айна­ласын­дағы көпшілікке жақсылық жасауға тырысу керек. Ешқашан кісіге өтірік айтпауға дағдыланғаны абзал. Кез келген адам кісінің қажет­тілігіне жарап, ризашылығына бөлену ке­рек­тігін үнемі айтамын. Жәрдемдескеннің шапа­ғатын көрген адам қиналғанда жақсылықты ешқашан ұмытпайды.


– Ер азаматтың басты қасиеті не?
– Әрбір ер азамат бірінші кезекте отбасын сақтап қалғаны жөн. Дүниеге ұрпақ келгеннен кейін оған дұрыс тәлім-тәрбие бергені маңызды рөл ойнайды. Әрине, «Қамысты бос ұстасаң, қолың­ды кеседі» деген тәмсілді ұмытпаған жақсы. Ағайын-туысқа қамқоршы болған азамат әркез айналасына сыйлы болады. Сонымен бірге отбасы – ошақ қасының мәселесін шешуде зайыбымен ақылдасып, бірлесіп шешкені барлық жағынан ұтымды көрінеді.


– Сүйікті әдеби кейіпкеріңіз кім?

– Жастайымнан кітап оқуды әдетке айналдыр­ғанмын. Мен үшін жазушы Ілияс Есенберлиннің шы­ғармаларындағы барлық кейіпкер жаныма жақын. Әлемге әйгілі данышпан Абайды танытқан Мұхтар Әуезовтің еңбектеріндегі кейіп­керлерді де жоғары бағалаймын. Барлық адамға рухани жол бастаушы бола білген ұлы ағартушы Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен өміріңе керекті барлық ғибратты ала аласыз.


– Ең басты кемшілігіңіз?


– Менің бойымдағы кемшіліктің бірі – ашулан­шақтық. Сабырсыздығымды көбіне ақылыма жең­ді­­ремін. Негізінде, адам шыншыл болып өмір сүр­ген дұрыс. Кемшілік барлық адамның бойынан табылады. Тек жақсы жағынан қоршаған ортаға, қо­ғамға бейімделген жақсы деп есептеймін. Кісінің кемшілігін сыртынан айтпай, тек өзіне жеткізіп үй­рену керек. Мақтау сөзді де, жұртшылық арасында мерейін тасытып, өзіне айтқан жарасады.


– Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

– Жас кезімнен бос уақытымда саятшылықпен айналыстым. Аңға шыққанда ерекше демалып қала­тын едім. Табиғат адамға еркіндік сыйлайды. Балық аулауға әуестендім. Тыныштық жайлаған өзен жағасында отырып, балық аулаған керемет әсерге бөлейді. Сосын өзім шахмат ойнағанды жақсы көремін. Күнделікті газет-журналды жібермей оқи­мын. Теледидардан рухани азық болатын құнды дүниелер көрсетіледі. Мән-мағынасы зор бірнеше бағдарламаны тамашалаймын.


– Егер өнертапқыш болсаңыз, қазіргі уа­қытта нені ойлап табар едіңіз?


– Өнертапқыш болуды еш уақытта ойға алған емеспін.

– Не нәрседен жиіркенесіз?


– Біріншіден, кісінің өтірік сөйлейтіндігінен, айла­керлікке баратындығынан жиіркенемін. Көше кезіп, ішімдік ішіп ыңғайсыз жағдайға тап болатын жандарды жек көремін. Ішімдік адамды түзу жолдан тайдырады. Сондықтан лас әрекеттен аулақ болғанымыз өзімізге пайдалы.

– Жиі айтатын қанатты сөзіңіз?

– Өмірге адам болып келгеннен кейін адам болып қалу саған сыйласатын ортада абырой әпереді. Екіжүзділік танытқаннан ешкім пайда таппасы анық.


– Біздің заманымыздың мықты ақыны кім? Мықты жазушысы ше?


– Өткен ғасырдың мықты жазушысы – Мұхтар Әуезов. Ал, ақыны – Мұхтар Шаханов. Өзім Иран-Ғайыптың өлеңдерін көп оқимын. Қазіргі уақытта қалам тербеп жүрген ақын да, жазушы да баршы­лық. Барлығы өз деңгейінде оқырманына құнды дүниесін ұсынады.

– Өмірге екінші рет келсеңіз, кім болуды қалар едіңіз?

– Жас кезімізде сан түрлі мақсат болды. Ұстаздық қызметте жұмыс жасағанды қалаған едім. Адам өмірінен сабақ алатыны жасырын емес. Отбасымызда менен кейін екі бала ауырып қайтыс болған еді. Ауылымызда олардың сырқаттанған кезінде медицина маманы болмады. Бауырларымнан айрыл­ғаннан кейін медицинаны таңдауға шешім қабылдадым. Сондықтан өмірлік мақсатым – дәрігер болу. Бұл ретте, дәрігер мамандығымда жүргенімде күні-түні жұмыс жасадым. Осындай сәттерде барлық жағынан қолдау көрсеткен зайыбым – Құралайға алғысымды айтамын. Біздің әулетте 22 медицина саласының маманы жұмыс жасайды. Інім Бектас қызметте де, өмірде де мені аға тұтып, ақылшыма, әріптесіме айналған еді. Үлкен ұлым – Арман Шымкент қаласында дәрігер. Ал Асқар – Алматыда медицина саласы бойынша профессор.


– Мамандығыңыз Сізге не сыйлады?


– Мамандығым жұртшылықпен жұмыс істеуді, халықты сыйлауды үйретті. Өзім қалаған салада абыройлы бола білу – үлкен жауапкершілікті жүк­теді. Қоғамдық, партиялық жұмысқа белсене аралас­тым. Біздің кезімізде партияға өту – басты міндет еді. Өз қызметім арқылы адамдық қасиетті ұмытпау керектігін жіті түсіндім.


– Қандай елде өмір сүргіңіз келеді?


– Құндақтағы кезімнен, осыған дейінгі өмірімді жақсы жағынан сүре білген елімді ешқандай жермен айырбастамаймын. Туған жерімде қызмет ет­тім, ұрпақ өрбіттім, абыройға кеңелдім. Барлық жетістігімнің куәгері – тұғыры биік Қазақстаным.


– Көзіңізге жиі жас аласыз ба?

– Көзіме жиі жас алмаймын. Осыдан бірнеше жыл бұрын балам мен туған бауырымнан айырылып қалғанымда қабырғам қайысып, көзіме жас алғаным бар. Қашанда бауыр мен баланың орны бөлек. Орындары ойсырап қалды.


– «Ғайыпқа сену» дегенді қалай түсіне­сіз?

– Көп адам ғайыпқа сене бермейтін шығар. Мен үшін бір тылсым дүние бар секілді көрініп тұрады. Адамның қиялы, ойы шексіз. Сан алуан нәрсені ішкі түйсікпен сезіне білу де – ерекше дүние.

– Қандай сәттерде осалдық танытасыз?

– Дәрігер болғаннан кейін баланың қазасы орын алған кезде қатты қиналатынмын. Баланың сырқатына көмектесе алмаған жағдайда шарасыз­дық танытамын. Көз алдыңда сәби жансыз жатса, қиналғандығын айтатын тілі жоқ. Қарсы жауап беретін сөзі жоқ екендігіне налимын. Мөлдіреген көзімен жанталасып жатқан кезінде сенен көмек сұрағандай болады. Дегенмен, Алла Тағаланың ісі­не көндігесің.


– Үнемі есіңізде жүретін Абайдың бір сөзі?

– Ұлы ағартушы Абай Құнанбайұлының барлық сөзінде үлкен ғибрат бар. Моральдық кодекс­те айтылып жүрген сөздер ақынның көптеген шығармасында кездеседі. Мен, кез келген сөзін бір-бірінен бөліп жармаймын.

– Жастарға айтар ақылыңыз?


– Жастар тек оқуы керек. Ақылдылар алға озатын заман. Еңбек ете білгенде ғана адам баршылық пен жоқшылықтың қадірін біледі. Арының алдында таза болуы үшін өтірік сөйлемегені жақсы. Ішімдіктен, темекіден аулақ болғанды қалаймын. Тіршілік жасай алған кісіге бәрі бар.


– Сырдария ауданы Сізге несімен қым­бат?

– Ауданымыздың ерекшелігін барлық жерде айтып жүремін. Біздің ауданның адамдары еш­­қашан бөлінген емес. Ұйымшылдықтан айнымайды. Рушылдыққа салынбайды. Қиындық пен қуаны­шыңда барлығы қатар жүреді. Адамдары бір-бірін таниды. Ешкімнен көмегін аямайды.

Балтабай АЯБЕКҰЛЫ
29 қараша 2022 ж. 436 1

Andy от 23 мамыр 2025 11:36
Pretty! This was an extremely wonderful article. Thanks for providing this info. homepage Can you tell us more about this? I'd love to find out some additional information. casino en ligne It's an awesome post for all the internet visitors; they will take advantage from it I am sure. casino en ligne Hi there Dear, are you really visiting this website on a regular basis, if so then you will absolutely obtain good experience. casino en ligne Hi to all, how is all, I think every one is getting more from this web page, and your views are pleasant in support of new visitors. casino en ligne Hi there, all is going well here and ofcourse every one is sharing facts, that's truly fine, keep up writing. casino en ligne My relatives all the time say that I am killing my time here at net, however I know I am getting knowledge all the time by reading such fastidious articles. casino en ligne whoah this blog is excellent i really like studying your articles. Stay up the good work! You recognize, many persons are hunting around for this info, you can help them greatly. casino en ligne If some one desires to be updated with most recent technologies after that he must be pay a visit this web page and be up to date all the time. casino en ligne I always used to study post in news papers but now as I am a user of internet therefore from now I am using net for articles or reviews, thanks to web. casino en ligne