Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Марина Вольнова "Қазалы ауданының құрметті азаматы" атанды.

Марина Вольнова "Қазалы ауданының құрметті азаматы" атанды.


Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаев Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері, АҚШ-тың Барбодос қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Марина Вольнованы қабылдап, боксшы қызға "Қазалы ауданының құрметті азаматы" атағын табыстады.
Мария Вольнова 1989 жылы Қазалы қаласында дүниеге келген. Алты жасынан бокспен айналысқан. 2005-2006 жылдары Қазалы қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо күресінен жаттыққан. Лондонда өткен 2012 Жазғы Олимпиада ойындарының қола медаль иегері. Бокстан Азияның (2010) чемпионы, әлем чемпионатының (2010) күміс медаль иегері, Қазақстан чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы.
Аудан басшысының қолынан марапат алған боксшы қызымыз ел ағаларына шынайы ризашылығын айтып, алдағы уақытта да ел сенімін атқауға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.
Әлемдік додаларда Қазақ елінің көк байрағын биікте желбіретіп жүрген Маринаға қандай құрмет көрсетсе де жарасады. Мерейің асқақтай берсін, марапатың құтты болсын, Марина!
Айта кетейік, Қазалы ауданының 90 жылдығы қарсаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, рухани дамуына еңбек сіңірген бірнеше тұлғалар 2018 жылғы 9 қазандағы аудан әкімі жанындағы марапаттау комиссиясының шешіміне сәйкес "Қазалы ауданының құрметті азаматы" атағын иеленген болатын.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.


07 қараша 2018 ж. 1 119 0