Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Межеден шыққан мекеме

Межеден шыққан мекеме

Баспасөз айдынында өзіндік орны бар Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің 2023 жылдың бірінші жар­ты­­жыл­дығына жазылу нау­қаны жүріп жатқа­ны мәлім. Осы орайда, ау­дан­дық редакцияның бас­­пасөз бөлімінің маманы Роза Тұрғанбекова нау­қанға белсенді атсалысып келе жатқан ұжым туралы ақпаратты апта сайын қорытындылап, шы­­ғармашылық ұжымға ұсынып отырады.

«Илегеніміз бір терінің пұшпағы» дегендей, ортақ іске жұмылып, жаңалық жаршысына айналған жергілікті басылым аудан бо­йын­ша кезекті науқанда алда келе жатқан немесе межені 100 пайыз орындаған ұжым туралы көпшілік оқырманға ұсынуды жөн көрдік.

Апта қорытындысы бойынша ауданға қарас­ты «Ветеринариялық станса» шаруашылық жүр­гізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кә­сіпорын қызметкерлері берілген межені толық орындаған. Атап айтқанда, берілген межедегі 35 дана газеттің 27-сі «Тіршілік тынысы» және 8 «Сыр бойы» газетіне тиесілі. Айта кету керек, ауданда адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті аурулардың алдын алу міндетін атқаратын мекеме ұжымы жыл сайын межені 100 пайыз орындап, науқанға белсенді атсалысып келеді.

– Баспасөз арқылы еліміздегі, оның ішінде аудандағы болып жатқан жаңалықтарды оқып білеміз. Сондықтан аудан айнасы саналатын «Тіршілік тынысы» газетінің орны біз үшін ерекше. Аптасына екі мәрте шығатын газетті бір бума газеттің арасынан іздеп ең алдымен оқитынымыз рас. Бұл сонау жастық шағымыздан қалыптасқан әдет десек болады. Пошта жә­шігінен алынған газеттердің ішінде өзіміздің төл басылымымыз көзге ыстық көрінеді. Себебі, онда ең алдымен ауданға белгілі журналис­тер­дің жазған мақалаларын, ауданның жеткен жетістіктері мен жаңалықтарын оқимыз. Соң­ғы жылдары жаңа айдарлармен толыққан газеттің де шығармашылық құрамы жастармен толыққаны қуантады. Жаңа ізденіс пен оқырман сұранысына сай жаңаша леп сезіледі. Әсіресе, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар туралы кең көлемді мақалалар мен сұхбаттар, тарихи-танымдық, рухани материалдар, арнайы беттер тұрақты беріліп келеді. Жалпы айтқанда, ауданның тарихын қаттап жатқан басылымның тұрақты оқырманы болу – біз үшін үлкен абырой. Сол себепті де алдағы уақытта да басылымнан қол үзбейміз деген сенімдемін, – дейді кәсіпорын директоры Нұрлыбек Дәулетбаев.

Редакция ұжымы өз кезегінде іргелі ұжымға баспасөзге жазылу науқанына атсалысқаны үшін алғыс айтып, алдағы уақытта ақпараттық қолдау көрсетіп, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізеді.

«Өзі – бір күндік, сөзі – мың күндік» болған, 83 жыл­дан бері Сырдария ауданының шежіресіне айналған жергілікті газет қарашаңы­рағының есігі оқырманымыз үшін әркез айқара ашық. Шығармашылық ұжым тұрғындардың барлық ұсыныс-пікірлеріні тыңдап, алдағы күн­нің жоспарына енгізуге дайын. Сондықтан оқыр­манымызбен келе жатқан жаңа жылда қайта қауышып, басылым беделін арттыруға бәріміз бірге атсалысайық!

Бибісара ЖАНӘЛІ
26 қараша 2022 ж. 281 0