Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыты
Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың,жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние-байлық неге керек, денсаулығың болмаса,Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөзді білесіздер. Шынында да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.
Осы Заң талаптарына "Бесарық ауылдық округі әкімінің аппараты" жетекші маманы Б.Сулейменова түсіндерме жұмыстарын жүргізіп өтті. Өткізілген іс-шараға ауылдағы мекеме қызметкерлері қатысты. Іс-шара ауылдық Мәденет үйінде өтті. Лед экранмен сыбайлас жемқорлыққа байланысты видеоролик көрсетілді.
Ер бабамыз Бауыржан Момышұлы айткандай "Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды" ел ішінде тәртіп керек, ал тәртіп сол елге қызмет ететін азаматтардан басталу керек.