Сыр елінің сайлаудағы белсенділігі бекем бірліктің, тату тірліктің белгісі

Қ.Тоқаевтың жеңісі таңдалған жолдың дұрыстығына және елдің болашағына деген сабырлы сенімділігін, әділ Қазақстанды құрудағы біздің қоғамның ынталы ерік-жігерін көрсетеді. Сайлаудағы сенімді жеңіс халықтың Мемлекет басшысының прогрессивті реформалары төңірегінде бірігуінің айқын көрінісі деуге болады. Енді сайланған Президенттің алдында алдағы 7 жыл ішінде сайлауалды уәделерді жүзеге асыру міндеттері тұр.
Қызылорда облысы сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші бойынша республика бойынша екінші орынға тұрақтады. Бұл үлкен жетістік, қоғамның орнықты дамып келе жатқанының белгісі. Ал біздің Сырдария ауданы сайлауға қатысушылардың саны бойынша облыста көш бастады. Жергілікті халықтың бұл белсенділігі бекем бірліктің, тату тірліктің көрінісі іспетті.
Сайлаушылардың қатысуы мен президенттік сайлаудың әділ нәтижелері еліміздегі саяси жаңғырту бағдарламасының іске асырылу барысын үлкен оптимизммен бағалауға мүмкіндік береді. Еліміздің саяси тарихынының жаңа парағы ашылды. Келесі саяси кезең – парламенттік сайлау. Ол кезде де халық өз таңдауын жасап, лайықтыларға дауыс береді деп сенемін. Ең бастысы, Қ.Тоқаевтың қолға алған бастамалары негізінде қасиетті Отанымыз гүлденіп, жаңарып, дами берсін!
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария аудандық мәслихатының депутаты,
Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі
Сырдария аудандық мәслихатының депутаты,
Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі