Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғалыкөл ауылының тұғындарына тамаша көңіл-күй сыйлады

Қоғалыкөл ауылының тұғындарына тамаша көңіл-күй сыйлады

Қоғалыкөл ауылдық округіндегі №167 сайлау учаскесінде ауылдық клубының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары арасында "Жаңа Қазақстан – жарқын болашақ" атты концерттік бағдарламасын өткізді. Ауыл халқына ән айтып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мұндай іс-шаралар бірнеше ауылда жалғасын тапты. Жергілікті халық әншілердің өнерін тамашалап, жоғары бағасын берді. Сонымен бірге үлкен ауылдың алты ауызын айтып, жиналғандарға ерекше серпіліс берді. Ынтымағы жарасқан ауылдан бірнеше танымал тұлғалар шыққан. Талантты жандардың ізбасарлары маңызды күнде өз таңдауларын жасады.

Айта кетейік, аталған ауылда ілкімді істер жалғасын табуда. Бүгінде Қоғалыкөл ауылында 58,1 млн.теңге көлемінде Тілеу ұста және Сәтбаев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автомобиль жолы 146,5 млн.теңге қаржыға жөндеу жұмыстары атқарылды. Мұндай игі бастамалар саяси жаңғыра түскен ел тынысы ауылдарда жалғасын таба бермек. Сайлау күні ауыл тұрығындарының белсенділігі басым. Өрісте малы қосылған ауыл халқы ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетуде.  Кешке дейін ауылдағы ағайын өз таңдауынжасайды деп сенеміз. Тарихи күннің маңызы зор.
20 қараша 2022 ж. 332 0