Ерекше аялдама пайдалануға берілді

Жаңа арт-жоба аялдаманы паналау мақсатында ғана емес, ақпараттық көмек ретінде де тиімді. Онда қауіпсіздік ережелермен таныса аласыз. Сондай-ақ жастарға құтқарушы мен өрт сөндіруші мамандығын қалай меңгеруге және азаматтық қорғау қызметіне қалай жолдама алуға болатыны жазылған. Жобаның орналасқан жері кездейсоқ таңдалған жоқ. Аялдама №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жанында орыналасты. Аймақтағы қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлерге арналған “Отқа оранған өрендер” атты ескерткіші бар талай кәсіби маманды даярлаған әрі үлкен өрт сөндіру бөлімі аумағында ашылып отыр.
Қызылорда облысы ТЖД
“Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі”
“Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі”