Тәуелсіз мемлекет болу – бақыт нышаны
Тәуелсіз мемлекет болу – біздің халқымыздың басына берілген бақыт. Біз өзге елдің емес, өзіміздің бабаларымыздың сақтап қалған жерінде өз бесігімізді тербетіп, өз ғылымымызды тәрбиелеуге мүмкіндік алып отырмыз. Өз әнұранымызды емін-еркін шырқай аламыз, көк туымызды ешкімге жалтақтамай асқақтата аламыз, елтаңбамызды төрімізге іліп, еліміздің тасы мен сайын көсіле аралай аламыз.
«Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды. Халқы тату, экономикасы қуатты, саяси жүйесі тұрақты, мәртебесі биік, абыройы асқақ Қазақстанның болашағы кешегіден кемел, бүгінгіден нұрлы екендігіне кәміл сенемін», - депті Елбасы.
XXI ғасыр білектінің емес, білімдінің заманы екендігі баршамызға мәлім. Қазақстан аумағындағы көптеген жоғарғы оқу орындарына қазақша атаулар берілді. Білім мен ғылымның киелі қара шаңырағы болып саналатын Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз еліміздің елеулі мақтанышы, Қазақстандағы №1 жоғарғы оқу орны. Бір ғасырға жуық тарихы бар, білімнің қайнар ошағы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірнеше жылдар бойы әлемдік стандарттарға сәйкес құрастырылған жоғары деңгейдегі оқу жүйесінің бірқатар әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, ғылым саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Жалпы, ҚазҰУ құрамында 16 факультет, факультет аумағында 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк жұмыс істейді.Соның ішінде, әлемдік деңгейдегі халықаралық қатынастар саласының мамандарын даярлауға зор үлес қосып келе жатқан халықаралық қатынастар факультетін атап өткенді жөн көрдік. Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық аренада, сыртқы саясатта әрекет етуші білікті мамандарды қалыптастыру жолында аянбай еңбектенуде. Халықаралық қатынастар факультетінің құрылу тарихы Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуы кезеңінен бастау алады.
Біз өзіміздің толағай табыстарымыз арқылы тәуелсіздікке сенбегендерді иландырдық, көнбегендерді қатарымызға тарттық, әлем мойындаған абыройлы мемлекетке айналдық.Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды. Халқы тату, экономикасы қуатты, саяси жүйесі тұрақты, мәртебесі биік, абыройы асқақ Қазақстанның болашағы кешегіден кемел, бүгінгіден нұрлы екендігіне кәміл сенемін.
Байтукаева Д.У.Отарбаева А.Б.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықарлаық
құқық кафедрасының аға оқытушысы
Б.Нұрабай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықарлаық
Б.Нұрабай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықарлаық
құқық мамандығының 1 курс студенті