Есірткісіз өмір – ғажайып!
Адам баласының жаман мінез құлқы - жаратылысынан емес,
өскен ортасында көрген үлгі - өнегесінен.
Мұхтар Әуезов
өскен ортасында көрген үлгі - өнегесінен.
Мұхтар Әуезов
Әрине, өмірінің балалық шағынан өтіп, жасөспірім шаққа жеткенде әрбір жеткіншектің мінез-құлқы өзгеріп, бойындағы түрлі құбылыстары ерекше дамып, айналамыздағы болыпжатқан іс-әрекеттерге ерекше көңіл бөліп қарайтын кезіміз екені сөзсіз. Жасөспірім шақ еліктеу, түрлі эмоцияға түсетін, кейде суынып, кейде ысынатын, ата-анаңның, отбасыңның пікірі санаға әсер ете қоймайтын шақ деп түсінемін.
«Адам баласының жаман мінез құлқы – жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі – өнегесінен» - деп, Мұхтар бабамыз айтып өткендей, жаман әдеттің бойға сіңуі, онымен айналысу, тәрбиенің аздығынан, ұлттық құндылықтың бойға дарымауынан және өскен ортаңның сол қадамға бір табан жақын болуынан деп санаймын.
Адами болмыс, адами құндылық әр жасөспірімнің бойында болуы тиіс қасиет. Жаман әдетке жақын болу, онымен айналысу қоғамымыздың бір бөлшегін құртумен тең. Қоғамның дертіне айналған нашақорлық - теріс құбылыс. Оны тұтына отырып болашаққа балта шауып қана қоймай, отбасының, бауырлары мен қатар - құрбысының, Мемлекетіміздің үлкен проблемасына айналуы әбден мүмкін.
Есірткіге еліту, нашақорлықбұл - бүкіл қоғам қасіреті. Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық, есірткінің шырмауына түсу күн сайын тамырын тереңге жайып бара жатқандай. Бұл қасіретке біздің Отанымыз - Қазақстан да шалдыққан. Тіпті ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр десек те болады. Оның әр түрлі себептері бар.
Менің ойымша, біріншіден, жасөспірім шақта ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажыратып, оң-солына тоқталған жөн деп есептеймін. Достарыңның қандай жолмен жүргені, қандай іс-әрекетпен айналысатыны және саған ұсынатын ойы мен пікіріне ерекше назар аудару керек. Міне, мәселе осында. Бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Адам болған соң әркімнің мінезі де әр түрлі болады емес пе? Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рахат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады. Егер оның санасы теріс жақа өзгерген болса, бұл дерттен кеш болмай тұрғанда құтқарудың жолын қарастыру керек.
Нашақорлық – адамзаттың қас жауы. Бүгінде дүние жүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын іздеуде. Елімізде де нашақорлықпен күрес кешенді түрде жүргізілуде. Нашақорлық – еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен табанды түрде Қазақстанның болашағы үшін аянбай күресуіміз керек.
Бабаларымыз “Аурудың алдын ал, жаудың алдын ал, қайта көтерілген даудың алдын ал» деген екен. Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты өткір мәселелердің бірі болып отыр. Адам өмірі арба секілді, қатты жүріп бара жатқан арбаның сені қай жерден тастап кететіні белгісіз. Сондықтан да, есірткінің зардабы қай жерге дейін апарары беймәлім. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған есірткінің зияны ұшан теңіз. Есірткі – адам денсаулығы үшін өте қауіпті.
Мен – Жаңа Қазақстанның патриотымын. Мен өз еліммен мақтанамын және Елім үшін, Мемлекетіміздің саулығы үшін қолымнан келген күшімді сарп етемін. Достарымды, құрбы-құрдастарымды салауатты өмір салтын ұстанып, ғажап өмір сүруге шақырамын. Көк туымызды көкке көтеріп, еліміздің салт-дәстүрімен адами құндылығымызды жоғалтпай, жаман әдеттен аулақ болып, еліміздің өркендеуімен, гүлденуіне ат салысуға шақырамын. Біз, жарқын Елдің, жарқын Азаматтарымыз!!! Біздің күшіміз бірлік пен достықта!!!!!
Мардан Әбілда,
Сырдария ауданы,
Нағи Ілиясов ауылы,
№132 Т. Айтбаев атындағы орта мектебінің
9 сынып оқушысы
Сырдария ауданы,
Нағи Ілиясов ауылы,
№132 Т. Айтбаев атындағы орта мектебінің
9 сынып оқушысы