Көркем мінездің адам өміріндегі маңызы

Ал дін турасын зерттеп жүрген ғалымдар: «Көркем мінез» сөзін кеңінен қарастырып, адам баласының жеке өзіне, отбасында, жұмыс орнында, қоғамдық орындарымен құлшылығына қатысты іс-әрекетінде әдепті болу, жақсы атқару, тіпті талас-тартыс, кек алу, ажырасу, арыздану, өтініш, қарызды талап ету, жазалау, сондай-ақ соғыс кездерінде де шариғат талаптарымен әдептерін сақтай отырып атқару, - деген. Бұл біз білетін көркем мінез төңірегінде берілген анықтама.
Бүгін аудандық ішкі саясат бөлімінде "Иман-2013" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мінез турасында арнайы іс-шара өткізді. Сала мамандарымен мен арнайы қонақтар қатысқан шарада облыс "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің наиб имамы Жұман Асқар мінез, адамгершілік сияқты тақырыптарды сөз етті. Басқосуда билер кеңесінің төрағасы Мұса Алпысбайұлы: " Адамнан – қауым, қауымнан – қоғам құралатыны белгілі. Ал қоғамның қатынастарын реттеп, жүйелеп отыруда көп адамда кездесе бермейтін көркем мінез үлкен рөл атқарады. Жалпы адамзат баласының басын біріктіретін ортақ құндылықтардың ең бірегейлерінің бірі – жақсы мінез-құлық. Көркем мінез-құлықты бір сөзбен түсіндіру, тіпті бір мақаланың аясына сыйдыру мүмкін емес. «Жақсы мінез – жан сұлулығы» деген бұрынғыдан қалған нақыл да мәлім. Қарапайымдылық, адамгершілік, адалдық, өзгелерге жақсылық жасау, әрқандай қиындыққа сабырлылық таныту сияқты жақсы қасиеттердің бәрін бір ауыз сөзбен көркем мінез дейміз", – деді өз сөзінде.
Расында да адами қасиеттердің бастау бұлағы – көркем мінез һәм қарапайымдылық болса керек.
Мұнымен қоса, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлмекен Жаналиева "көп білгеннен емес, көпті көргеннен" сұра дегендей өз өмірінен шынайы мысалдар келтіріп, мінездің жақсы болуы табиғаттан екеніндігін жеткізді.
Рухани құндылықтарды тілге тиек еткен басқосуда пікірлер айтылып, ойларын ортаға салды. Алдағы уақытта осындай танымдық шараларды көптеп өткізу керектігі жайлы ұсыныс жасалды.
Майя ҚОЖАБАЙ