Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихи қадамның символы

Тарихи қадамның символы

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бастап қа­рыш­­тап өрлеу үстінде. Әсіресе, білім беру, еліміздің әлеуметтік жағдайын көтеру, денсаулық сақтау сала­сындағы мәселелер оң шешімін тауып келеді.

Мен көп жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарып, қазіргі таңда еңбегімнің зейнетін көріп отырған арда­гер-ұстазбын. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйре­ту­ден балаға» дегендей, ел болашағы үшін аянбай тер төгіп жүрген ұстаздар қауымын мерейлі мерекемен құт­тық­тағым келеді.

Ұстаз мамандығының мерейі өсуде. Жыл сайын еңбекақының көтерілуі, әлеуметтік қолдаулар ұстаз­дар­дың әл-ауқатын жақсартты. Маман жетіспейтін өңірлерге баратын педагогтардың жағдайын көтеру де игі бастама болды. Мұның барлығы ел ертеңі – болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан жарқын жұмыс­тар екені айқын.

Иә, осындай жарқын істердің жалғасын табу – елі­міздің егемендігі мен бейбітшіліктің жарқын көрінісі деп білемін. Биылғы жылдың ерекше жаңалығы 25 қазан – Республика күні мерекесінің ұлттық мереке болып ортамызға оралуы. Президент Қ.Тоқаев бұл мерекені елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болу керектігін атап өтті. Тарихтан белгілі болғандай 1990 жылдың 25 қазан күні «Қазақстанның егемендігі туралы» декларация қабылданған еді. Әрине, бұл еліміздің Тәуелсіздік жо­лындағы тұңғыш қадамы екені сөзсіз.

Еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің, дос­тық пен жасампаздықтың арқасында көптеген жетіс­тіктерге қол жеткізіп келеміз. Әлем Қазақстанды та­ныды. Ендеше, тізгінін ұстар жас ұрпағымызды са­налы, адами болмысы мол азамат етіп тәрбиелеу – баршамыздың міндетіміз. Осы міндетімізге жауапкер­шілікпен қарайық, елімізде тек бейбітшілік болсын!

Ұлбике АСҚАРОВА,
ардагер-ұстаз,
Айдарлы ауылы
23 қазан 2022 ж. 202 0