Ардақты ұстаз 80 жаста
Аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, ұстаздық еңбек еткен Дина Сәдуқызын 80 жасқа толған мерейлі жасымен құттықтады.
Димаш Серікбайұлы аудан әкімінің арнайы алғысын жеткізіп, құттықтау хатын табыс етті.
– Ұзақ жылдар бойы қасиетті қара шаңырақ атанған бұрыңғы А.Жданов атындағы №36 мектеп қабырғансында алдыңыздан көптеген озат шәкірттер түлеп ұшты. Олар бүгінде еліміздің дамуына сүбелі үлесін қосуда. Бұл жетістіктер Сіздің білімділігіңіз бен парасаттылығыңыздың арқасы деп білемін.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді әрқашан үлгі етемін. «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі атқарған жұмыстарыңызбен, мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін.
Мерейлі жасыңызбен құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен отбасыңызға амандық тілеймін, – делінген құттықтау хатта.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі