Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдауды насихаттау жалғасуда

Жолдауды насихаттау жалғасуда

Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі "Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі Қоғам" атты Жолдауын насихаттау шарасы өтті. Аталмыш шараға аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері, партия филиалының қызметкерлері және бастауыш партия ұйымының төрағалары қатысты.

Шараны аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Еркебұлан Жақып ашып, биылғы Жолдаудың басым тұстарын нақты атап өтті. "Президент өз Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыруды алға тарта отырып, жаңа экономикалық бағдардың басты бағыты ретінде жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруды, барлық адамдарға бірдей мүмкіндік беру арқылы бәсекелестікті дамытуды, сонымен қатар, ұлттық табысты әділ бөлу секілді кезек күттірмейтін басты міндеттерді атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы көкейкесті мәселе ретінде ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылатыны жайында: «Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл – өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз», – деп, Ұлттық қордың басты қызметі мен оны ұтымды пайдалану жолын қадап айтты",- деді Е.Жақып.

Аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері Жолдауды қолдайтындықтарын жеткізді.
23 қыркүйек 2022 ж. 349 0