Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылшаруашылық саласы өкілдері жолдауды қолдайды

Ауылшаруашылық саласы өкілдері жолдауды қолдайды

Бүгін Бесарық ауылындағы "Абай-Дәулет" ЖШС мәжіліс залында ауылшаруашылық саласы өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауда елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, саяси жаңғыруға, әлеуметтік саланы жетілдіру ұсыныстары ұсынылып, көпшіліктің мерейін өсірді. Осы мәселелермен қоса жаңа бастамаларды таныстырды.

Жолдау Президенттің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына негізделген Жаңа да Әділ Қазақстанды құру жөніндегі саяси шешімдерінің заңды жалғасы болып табылады. Яғни, еліміздің жаңа кезеңге жалпыұлттық референдумдағы саяси жаңғыру арқылы қадам басуы енді экономикалық өзгерістермен ұласуда.

Аталған Жолдауды насихаттау жұмысын ақпараттық-насихат топ мүшелері жүргізді.

Мемлекет басшысының Жолдауы әрбір қазақстандыққа жүктелетін зор жауапкершілік. Алға қойған бағытымыздан таймай, Жаңа Қазақстанды бірге құруға атсалысуымыз керек – деді Мақсат Биболатов.
14 қазан 2022 ж. 306 0