Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау "Ақжарма 2" ШҚ ұжымына насихатталды

Жолдау "Ақжарма 2" ШҚ ұжымына насихатталды

Бүгін Ақжарма ауылындағы "Ақжарма 2" ШҚ ұжымына аудандық мәслихат депутаты, "Ақжарма 2" ШҚ төрағасы Марат Алдабергенұлы Бисенов Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын насихаттады.

Жолдау Президенттің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына негізделген Жаңа да Әділ Қазақстанды құру жөніндегі саяси шешімдерінің заңды жалғасы болып табылады. Яғни, еліміздің жаңа кезеңге жалпыұлттық референдумдағы саяси жаңғыру арқылы қадам басуы енді экономикалық өзгерістермен ұласуда.

Бұл тұрғыда Жолдаудағы негізінен әлеуметтік - экономикалық реформаларды жүзеге асыру жолдарын қамтитын 5 бағдар ерекше мәнге ие.

Бірінші бағдар. Жаңа экономикалық саясат.
Екінші бағдар. Нақты секторды дамыту.
Үшінші бағдар. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция.
Төртінші бағыт. Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту.
Бесінші бағыт. Заң және тәртіп.

Ақжармалық ауылшаруашылық өкілдері биылғы Жолдаудың ерекше болғанын айтып, қолдайтындықтарын жеткізді.
13 қазан 2022 ж. 305 0