Ақпараттық насихат топ өкілдері ардагерлермен кездесті
Бүгін аудандық «Достық үйінің» мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын насихаттау шарасы өтті.
Айтулы шараны аудандық ақпараттық насихат тобының мүшесі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев жүргізді. Кездесуге аудан ардагерлері қатысты. Кездесу барысында арнайы әлеуметтік көмектің бірыңғай жүйесінің бөліктері жайлы сөз болып, аудан ардагерлерінің бірқатар сұрақтарына жауап қайтарылды.