Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жомарт жүрек»: Қызылорда облысынан 5 үміткер қатысуда

«Жомарт жүрек»: Қызылорда облысынан 5 үміткер қатысуда

«Жомарт жүрек» республикалық байқауына қатысушыларға онлайн дауыс беру басталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

«Жомарт жүрек» – қайырымдылық саласындағы меценаттар мен филантроптар арасындағы жыл сайынғы республикалық байқау. Бұл сыйлық елдегі қайырымдылық мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан ұйымдары мен азаматтарын анықтауға, оларды көтермелеуге бағытталған.

Маңызы жоғары «Жомарт жүрек» жобасына Қызылорда облысынан 5 үміткер қатысуда. Олардың қатарында еліне еңбегі сіңген, әр саланың мықтылары бар. Баршаңызды жерлестерімізді қолдауға шақырамыз!

Байқау 5 номинация бойынша өтеді:

«Жыл тұлғасы»;
«Жыл меценаты»;
«Туған өлке»;
«Жылдың үздік ұйымы»;
«Жылдың үздік қамқоршысы».

Онлайн дауыс беру кезеңі jomartjurek.ruh.kz сайтында 28 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтеді.                                 

Дауыс беру қорытындысы бойынша 50 лауреат (10 жеңімпаздан 5 номинация) «Жомарт жүрек» республикалық қайырымдылық сыйлығының лауреаты атағына ие болады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Республика күнін мерекелеу қарсаңында өтеді.
29 қыркүйек 2022 ж. 440 0