Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Аманкелдіде түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Аманкелдіде түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының және №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен түнгі рейдтік және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған рейдтік жұмыстар кәмелеттік жасқа толмаған балалар (оқушылар) мен жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінің қарауынсыз көшеде жүруіне тосқауыл қою, құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында ұйымдастырылды.

Ауыл орталығындағы адам көп шоғырланатын орындар мен сауда дүкендерін аралап, кәсіпкерлерге тиісті ақпарат берілді.

Мектеп-лицей ұжымы осыған дейін арнайы кесте бекітіп, реттілік бойынша мұғалімдер рейд жұмыстарын жасап келеді.

Мұнан соң жоғарыда айтылған рейд жұмыстары күшейтіліп, жергілікті учаскелік полиция инспекторы мен ауыл әкімдігінің мамандары бірге жұмыс жасайтын болады.

Көшеде мезгілсіз уақытта жүрген оқушылардың ата-анасы шақырылып, тиісті шара қолданылатын болады.

Бүгінгі рейд жұмыстары барысында түнгі мезгілде оқушылардың көшеде жүру оқиғасы тіркелмеді.

Аманкелді а/о әкімдігі

11 қыркүйек 2022 ж. 1 028 0