Тереңөзек кенті тұрғындарының назарына!
Тереңөзек кенті әкімінің аппараты мал иелеріне төмендегіні ескертеді.Өрістен қайтқанмалдары кешкі сағат 16.00 және 18.00 аралығындағы уақытта көшелерде қараусыз жүрген жағдайда, олар Жамбыл көшесінде орналасқан «Арзан базардың» артқы жағындағы мал қораға қамалатын болады.
Осыған сәйкес, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының №235-V Кодексінің №505-бабының 1-тармағына сәйкес, ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (58 340) айыппұл салынады, сонымен қатар, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер: жеке тұлғаларға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (87 510 теңге) айыппұл салуға әкеп соғады.
Тереңөзек кенті әкімінің аппараты