Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жас тілші жүлдегерлер қатарында

Жас тілші жүлдегерлер қатарында

Облыстық «Ақмешіт жастары» газеті басылымның 9 жылдық мерейтойына орай «Ең қысқа әңгіме» байқауын жариялаған болатын. Жас буынның шығармашыл әлеуетін арттырып, аймақтың әдеби дамуына үлес қосуды мақсат еткен байқауға 18 бен 27 жас аралығындағы жас қа­ламгерлер қатысты. Олардың қа­тарында аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің жас тілшісі Балтабай Ордабеков те бар.

Аталған байқауға жас тілші бүгінгі күннің әлейметтік мәселелерін қоз­ғай­тын ең қысқа әңгімелерін ұсынды. Б.Ордабековтың «Көпбалалы ана ұялып келді… үй алып берді», «Ар­баға таңылған әке. Тоғыз қыз туған ананың көз жасы жібермеді» және тағы басқа әңгімелері жүлделі ІІ орынға лайық болды. Ал жүлделі І орынды облыстық «Ақмешіт апта­лығы» газетінің тілшісі Аслан Нұразғалиды лайық деп танылды.

Шығармасы үздіктер қатарынан танылған жас тілші Балтабай Ордабеков арнайы дипломдармен қоса «Aray park» кешені, «Coffee like» кофеханасына сертификаттармен марапатталды.

Әріптесімізді кезекті шығармашы­лық жеңісімен құттық­таймыз!

«ТТ» ақпарат
13 қыркүйек 2022 ж. 393 0