Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы тағайындалды

«Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы тағайындалды

«Сыр медиа» серіктестігіне қарасты облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы қызметіне Мөлдір Қалымбет тағайындалды.

Мөлдір Қалымбет Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

2014 жылы Қызылорда облыстық “Ақмешіт жастары” газетінде тілші, 2016-2021 жылдары облыстық “Сыр бойы” газетінің тілшісі қызметін атқарған.

ҚР Журналистер одағының мүшесі. Облыс әкімінің белсенді жастарға табысталатын “Сыр үміті” сыйлығының иегері. Қала әкімдігінің “Ұшқыр қалам” фестивалінде “Жас тілші” номинациясымен марапатталған.

“Түркітілдес журналистер” қоры ұйымдастырған Стамбұл-Солтүстік Кипр Республикасындағы БАҚ өкілдеріне арналған ағылшын, түрік тілдерін оқыту курстарының, семинарларының қатысушысы.

Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті жанындағы халықаралық қысқы журналистика мектебінің куәлігімен, халықаралық қысқы журналистика мектебінде “Ең үздік мақала” номинациясымен марапатталған.
21 қазан 2021 ж. 590 0