Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде

«Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 9-10-ы күндері Сырдария ауданында «Жолда қабылдау» атты Республикалық акция өткізілуде.

Акцияның негізгі мақсаты азаматтардың құқықтық сауатын арттыру.

«Жолда қабылдау» акциясы өткізілу барысында аудан тұрғындары мен қонақтары жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамасына қатысты сұрақтар бойынша мамандардың кеңесін алады. Бөлімнің тиісті сала қызметкерлері Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Иманов көшесі бойында орналасқан «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимаратының алдында аудан тұрғындарына құқықтық кеңес беру жұмыстары жүргізіледі. Акция барысында аудан тұрғындары жол-қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, жеке куәлік алу, төл құжатты алу, автокөліктерге қосымша бөлшектер орнату және әкімшілік айыппұлдарды төлеу жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстары бойынша құқықтық кеңестер ала алады.

«Тт» ақпарат
09 қыркүйек 2022 ж. 262 0