«Жолда қабылдау» акциясы өтуде

Мамандар тұрғындарды жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін және көші-қон заңнамаларының сақталуын, халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеу, тіркеуден шығару, құжат ауыстыру, айыппұл төлеуге қатысты толық ақпараттандырылуда, құқықтық көмек беруде.
Қабылдау аясында сырдариялықтар жол қауіпсіздігіне, қылмысқа қатысты толғандырған сауалдарын жеткізді. Полиция қызметкерлері көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізушілерге жауапкершіліктің күйшейгенін түсіндіруде.
«Жолда қабылдау» акциясы ҚР Ішкі істер министірлігінің нұсқауы бойынша ұйымдастырылып отыр.
Е.БЕРКІНБАЕВ