Әуежайларда "Кезекпен отырғызу" жобасы енгізіледі
10 қыркүйектен бастап Қазақстан әуежайларында пилоттық режимде "Кезекпен отырғызу" жобасы іске қосылады, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Жобаның негізгі идеясы – жолаушыларды кезектік технология бойынша, яғни топтар бойынша отырғызуды жүзеге асыру. Бұл әуежайлардағы азаматтарға қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығын айтарлықтай арттырады, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.
Жоба аясында жолаушыларды отырғызу тәртібі ұшақ бортындағы орнына байланысты жүзеге асырылады. Бұл ретте, ата-анасымен еріп жүрмейтін балалар мен жүріп-тұруы шектеулі жолаушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес басым тәртіппен негізгі кезектен тыс өтеді.
"Қазіргі уақытта жолаушыларды отырғызу процесі, балалар мен жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларды бірінші кезекте отырғызуды қоспағанда, арнайы технологиясыз жүргізіледі. Соның салдарынан телескопиялық траптың қақпасының/есігінің жанында жолаушылар жиналып қалады. Кезекпен отырғызу технологиясын енгізу жоғарыда аталған жағдайлардың оң шешімі болады деп болжануда", - делінген хабарламада.
Пилоттық жобаға Air Astana, Fly Arystan және SCAT әуе компаниялары қатысады.
Кезекпен отырғызу телескопиялық траптары бар әуежайларда ғана жүргізіледі: Нұр-Сұлтан, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды қалаларында.
Жоба үш айға есептелген, содан кейін кезекпен отырғызуды одан әрі қолдану туралы шешім қабылданады.