Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АВТОБУСТАҒЫ ЖАҢА ӨЗГЕРІС

АВТОБУСТАҒЫ ЖАҢА ӨЗГЕРІС

Қыркүйектен бастап Астанада жолаушыларды мінгізу және түсіру кезінде автобустардың барлық есіктері ашылатын болады.  Бұл шара жолаушылар ағынының маусымдық артуына байланысты қабылданды. Естеріңізге сала кетейік, сараланған тарифті енгізуге байланысты жолаушыларды мінгізу және түсіру тәртібі өзгертілген еді. Жолаушыларды тасымалдау ережесінің №1061 83-тармағына сәйкес автокөлік құралына жолаушыларды мінгізу және түсіру мынадай тәртіппен жүреді: 1) шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсіру, сосын мінгізу жүргізіледі; 2) екі және одан да көп есікті автобустарда жолаушыларды түсіру алдыңғы есіктен өзге барлық есік арқылы жүргізіледі, ал мінгізу алдыңғы есік арқылы жүреді. Артқы есік арқылы отырғызу құқығын тек мүгедектер ғана пайдаланады. Кезектен тыс отырғызу құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдалана алады. Астана әкімдігінің сайты
www.24.kz
02 қыркүйек 2018 ж. 755 0