Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде мал шаруашылығы саласында субсидия көлемі өсті

Елімізде мал шаруашылығы саласында субсидия көлемі өсті

Еліміз сиыр еті, қой еті, жылқы еті мен жұмыртқа бойынша өзін-өзі қамтамасыз ете бастады, ал құс еті бойынша соңғы 3 жылда импортқа тәуелділікті 51%-дан 35%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік туды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Министрлік мәліметінше, соңғы 5 жылда мал шаруашылығына субсидия көлемі 60%-дан астамға өсіп, биыл 124,5 млрд теңгені құрады.

Өткен жылы мал шаруашылығында жалпы сомасы 70 млрд теңгеге жуық 53 инвестициялық жоба іске асырылды. Мәселен, сүтті мал шаруашылығында импортты алмастыру міндетіне сәйкес, 2021 жылы қуаттылығы 57 мың тонна болатын 35 сүт-тауар фермасы іске қосылды.

28 тамыз 2022 ж. 229 0